Kyzylorda-news.kz Қазақ халқының дәстүрлі, ұлттық ойыны – асық ату. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек – асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы – оңқы асық аталады. Асық ойынының құмар, тәйке, омпы, алшы, хан, қақпақыл деген түрлері бар.
2024 жылы ұлттық спорт түрі асық ату және бес асықтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Үстіміздегі жылдың 12-15 ақпан айында асық ату мен бес асықтан өткізілген облыстық іріктеу кезеңінен Қазақстан чемпионатына жолдама алған жерлестеріміз Ақтау қаласында 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткізілген Қазақстан чемпионатында чемпион атанды.
Асық атудан жарысы бойынша Мырзахмет Аңсар – №165 орта мектебінің оқушысы чемпион атанып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапына енді.
Бес асықтан Тұрсынбай Аяна – №134 орта мектебінің оқушысы чемпион атанып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапына енді. Сонымен қатар, Наурызбай Дана – №97 орта мектебінің оқушысы екінші орын иеленсе, Әзілхан Нұрсая – №134 орта мектебінің оқушысы екінші орынды қанжығалады. Топтан оза шабуына үлкен ықпал тигізген жаттықтырушылары: Набиев Пайзулла – Қазалы спорт клубы, Үсентай Мұратбек – №165 орта мектебі, Өмірзақов Нұрлыбек – №134 орта мектебі, Қожақметов Болатбек – №97 орта мектебі.