Kyzylorda-news.kz. Ұлағатты ұстаз, білікті басшы бола білген Асқар Әділбековты еске алуға арналған турнир өз мәресіне жетті. Турнир қорытындысында команда мүшелері жүлделі орындарға ие болып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс алаңында мықтылармен қарсыласып, шеберліктерін көрсете білген Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей командасы І орынды жеңіп алды. ІІ орын Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицей командасына бұйырса, ІІІ орынды №268 мектеп командасы иеленді.

«Әрине, қуанышымызда шек жоқ. Бұл жеңіс – команданың еңбегі.  Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.  Тек ой, білім жарыс қана емес, осындай турнирлер де жиі өтіп тұрғаны дұрыс деп ойлаймын. Дененің саулығы бәрінен маңызды ғой. Спорттық шаралардың жоғары деңгейде және жиі ұйымдастырылуының арқасында қарапайым халықты да бұқаралық спортқа тартуға болады. Тіпті мұны халықты спортқа баулудың тиімді жолы десе де болады. Қазір салаға қолдау басым, нәтиже де жоқ емес. Бүгінде түрлі спорттық шараларда ел мерейі үстем болса, оның түбінде осындай игі шаралардың бастамаға болғанын түсінуіміз қажет», – дейді жеңімпаз.

Айта кетейік, тартысқа толы турнирде керемет ойын өрнегімен көзге түскен ойыншыларға номинациялар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді. 

27.jpg26.jpg24.jpg25.jpg

Тағы да оқыңыз: