Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партиясы “Магистральды желі” БПҰ төрағасының қолдауымен “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында ардагерлер мен жастардың арасында шахматтан шағын турнир ұйымдастырды. Іс-шараны Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің экономика және қаржы бойынша директордың орынбасары Роза Қалжанқызы ашып берді, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойын барысында:
Ардагерлер арасында
1-орын Мәмбетов Әділ
2-орын Шайжан Марат
3-орын Қалиев Тұрақбай
Жастар арасынды
1-орын Умирзаков Берік
2-орын Батырхан Алихан
3-орын Қарымсақова Анаркүл иеленді.
Ардагер Айдар Мұстафаев, жас Куаныш Мамбетовқатысқаны үшін Алғыс хатпен және түрлі сыйлықтармен марапатталды. Марапатты Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры, “Магистральдық желі” БПҰ төрағасы Ербол Тәңірбекұлы Сәулебеков қатысушыларды марапаттап, ізгі лебіздерін білдірді.