Kyzylorda-news.kz. Ақтау қаласында өткен грэпплингтен және грэпплинг гиден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында аралдық қос спортшы олжалы оралды.

№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Ернұр Әбжамиев 32 кг салмақ дәрежесі бойынша грэпплингтен І орын, грэпплинг гиден ІІ орын иеленді. Ал, Мұхаммедали Марат  60 кг салмақ дәрежесі бойынша грэпплинг гиден чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Ернұр Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясының 7-сынып, ал, Мұхаммедали №83 орта мектебінің 6-сынып оқушылары. Жеңімпаздардың жаттықтырушысы – Фараби Сауытбаев.

Тағы да оқыңыз: