Kyzylorda-news.kz. Ерекше балалардың қоғаммен біте қайнасып, ақыл-ойын дамытуына, салауатты өмір салтын ұстанып, тұлға ретінде жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау көп. Әсіресе, мұндай балалардың арасында түрлі спорттық додалар өтіп тұрады. Сол сияқты 1-3 маусым аралығында Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында паралимпиадалық спорт түрі боччадан респуликалық турир өтті.

Аталған жарыста еліміздің барлық өңірлерінен 47 спортшы бақ сынаған. Олардың қатарында аралдық жас өрендер де бар. Нәтижесінде Арал ауданының жастары айқын басымдық көрсетіп жеңіс тұғырынан көріне білді.

Атап айтар болсақ, айтулы додада сайысқа түскен, №83 орта мектебінің 9 сынып оқушылары Қанатбек Жанарыс ВСМ1 класс бойынша, Торыбаева Нұрсауле ВСМ5 класс бойынша I орынды, №220 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шаханова Жаңгүл мен 3 сынып оқушысы Аманжол Аянат ВСМ5 класс бойынша ІІІ орынды иеленді. Ал Арал көпсалалы колледжінің 1 курс студенті Аманқосова Қымбат ВСМ5 класс бойынша жүлделі ІІ орынды қанжығалады.

Жалпы бочча - бұл Қазақстандағы ең жас паралимпиадалық спорт түрі. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауыр бұзылулары бар адамдарға арналған дәлдікпен ойналатын ойын.

Аталған додаға қатысып аудан мерейін көтерген жасөспірімдерді аудан әкімдігі құттықтап, ыстық ілтипатын білдіріп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, жас спортшыларға талаптарына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

Тағы да оқыңыз: