Kyzylorda-news.kz «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қау¬лысы және ҚР Ұлттық экономи¬ка министрлігінің 2014 жылғы 6 қа¬ра¬шадағы №72 бұйрығы негізінде жүзе¬ге  асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдық округтер мен кенттердегі тіршілікті және де сол аумақтың әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету. сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың сапалы қызметін көрсету, ауыл аумақтарын тұрақты дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген сала мамандарын ынталандыру болып табылады.

"Дені саудың – жаны сау"-демекші, кент балаларының денсаулығын қалыптастырып, спортпен айналысуларына ықпал ету мақсатында Ербақыт Сүлейменов Сексеуіл кентінде атаулы бағдарлама арқылы еңбек жолын бастайды. Ербақыт Рахатұлы 1989 жылы айдынды Арал өлкесінде дүниеге келген.

–Бала кезде спорт саласына деген қызығушылығым жоғары болды. Сонымен бала кезден алғаш боксқа қатысқан болатынмын. Сол кезде Жолдыбай Бақзалбайұлы деген жаттықтырушы ағайым болды. Міне, осы арқылы спортқа деген қызығушылығым артып, болашақ осы саланы өзімнен кейінгілерге үлгі ететін боламын деп мақсат қойдым. Кейін Сексеуіл кентінде 2-3 жылдай уақыт бокстан жаттықтырушы болып істедім,–деп бастады Ербақыт Сүлейменов еңбек жолын.

–Алғаш жұмыс іздеп жүрген кезімде аудандық білім бөлімінен "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бар екенін және соған байланысты кеңес алдым. Сол кезде "неге ауыл балаларын дамытпасқа?" деген ой келді. Елімізде «Дипломмен ауылға» деген бағдарламаның қарқынды түрде қолға алынып жатқандығынан да хабардар болдым. Оның тиімді тұстарымен таныса бастадым. Бағдарлама расымен біз секілді жандарға тиімді екен. Жұмысқа сіңісіп, елдегі ақ ниетті жандардың жайдары ортасына оңай еніп, Сексеуіл кентінің бір баласындай болып кеттім,–деді.

Алғашында ауылға, өзге орта мен үлкен білім ошағына үйіренісіп кету оңай болмағанын айтты маман. Міне, қазір сол елдің бір тұрғыны. Бүгінде  Ербақыт Рахатұлы атаулы бағдарлама арқылы 2010 жылдан бастап Сексеуіл кентінде еңбек етіп келеді.

– Осылайша, 21 жасымнан бастап осы бағдарлама арқылы Сексеуіл кентіндегі №177 білім ордасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарамын. Мемлекетіміздің қолдауымен осыдан 3 жыл бұрын осы бағдараламамен кенттен үйді де алдым. Бұл бағдарламаға айтар алғысым шексіз. Себебі жалғыз менің емес, қаншама жастарды жұмыспен қамтып, ауылды өркендетуіне септігін тигізіп жатыр. Кент балаларын да спортпен жүйелі түрде айналысуына ықпал етіп, үлгілі тәрбие беруге тырысудамын, –деді Ербақыт Сүлейменов.

Жалпы аудан бойынша «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында осы 2024 жылы 18 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеу үшін 18 маманға 132912,0 мың теңге және 30 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 11 760 мың теңге бөлінді.2024 жылдың 6 ай қорытындысымен 30 маманға 11760,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілген.


Оңталап ЖОЛДАСОВ

Тағы да оқыңыз: