Kyzylorda-news.kz Астанадан жеткен ақжолтай жаңалық! Бүгін Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен үздік спортшылар анықталатын «АЛТЫН ТҰҒЫР - 2024» мерекелік іс-шарасы өтті. 

Аталмыш шараға арнайы қатысқан ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жерлесіміз, жамбы атудан ҚР 3 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Пернебай Ақәділді жылдың үздік спортшысы ретінде "АЛТЫН ТҰҒЫР" сыйлығына ие болды. 

Айта кетейік, Пернебай Ақәділ Сыр өңірінде ең алғашқы "АЛТЫН ТҰҒЫР" сыйлығын иеленген жас спортшы.

Жаттықтырушысы: Өміртай Ғалымжан. Команда жетекшісі: Боранбаев Сламхан

“Алтын тұғыр” құтты болсын, Сыр елі! 

Алтын тұғыр 1.jpg

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: