Kyzylorda-news.kz Алматы облысының Райымбек ауданында құсбегілердің «Сонар-2024» халықаралық турнирі өтті. Бүркітшілер жарысына елдің әр аймағынан 80-нен астам құсбегі қатысты деп хабарлады KAZINFORM
Турнирдің негізгі мақсаты — қазақ халқының бай мұрасы болып табылатын құсбегілік өнерін дәріптеу және шетелдік қатысушылар арасында тәжірибе алмасу болды.
Турнирге Қазақстанның 13 облысынан келген 80-нен астам құсбегі және 67 бүркіт, 16 қаршыға, 14 ителгі қатысты. Сонымен қатар, Моңғолия, Қытай және Қырғызстаннан келген шетелдік құсбегілер де өз өнерлерін көрсетті.
Жалпы қатысушылар саны 100-ден асты.Олардың арасында әлемдік және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары мен тәжірибелі құсбегілер де болды.
«Бұл жарыс — қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасқан дәстүрін, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлшегі болып табылатын құсбегілікті дәріптейтін маңызды шара. Құсбегілік — тек спорт емес, бұл біздің ата-бабаларымыздан қалған ұлы мұра, табиғатпен, аңшылық өнермен байланысымызды көрсететін ерекше өнер», — деді Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов әкім.
Турнирде тек қырандарды салып қана қоймады. Ұшқыр тазыларды да жүгіртті.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңге.
Осыған дейін Алматыда қазақ тазысының және өзге де ит тұқымдарының қатысуымен «Көшпенділер даласы» атты көрме ұйымдастырылған еді.
Фото: Алматы облысы әкімдігі