Kyzylorda-news.kz. Астана қаласында  балалар, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасындағы «ASIA OPEN 2023» турнирі өтті. Жарысқа Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан 1200-ге жуық спортшы қатысты.

Еліміздің намысын қорғағандар қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университенің студенті Алижан Алматов бар. Ол 58 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, чемпион атанды.

Айта кетейік, турнирдің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, халықаралық жарыстарға дайындалады. Биыл ересектер Польшада өтетін Әлем чемпионатына қатыспақ. 

Тағы да оқыңыз: