Kyzylorda-news.kz. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Айдарлы ауылында 50 жылдан бері балалар мен жастарға арналған спорттық үйірмелер ашылмаған.

Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты, Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клуб үйінің директоры Анар Қалдыбаеваның демеушілігімен 2023 жылдың қараша айынан бастап, «Нұр-сәби» балабақшасының ескі ғимаратын спорт залға лайықтандыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін ашылу рәсімі өтті.

Спорт зал ашылуына Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы арнайы келіп қатысты.

– Бүгін ел-халықтың қуанышын көріп, марқайып отырмыз. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Айдарлы ауылында жаңа спорт залының пайдалануға берілуі – керемет. Шын мәнінде, ауыл балалары  алдағы уақытта спортпен тұрақты түрде шұғылданатын болады. Ауданның, облыстың намасын қорғайды леп сенеміз, – деді аудан әкімі менің орынбасары. 

Бүгінде жаңа спорт зал шахмат, еркін күрес, теннис үйірмесіне лайықтандырылды.

Спорт залға аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Бағдат Есеновтің қолдауымен 55 татами әкелінді. Сонымен бірге 300 мың теңгеге татамиге төселетін төсеніш тіктірілді. Шахмат бөлмесіне арнайы 7 дана парта сатып алынды. Айдарлы ауылының халқы спорт залды жабдықтау үшін 169 мың теңге қаражат жинап берді. Бұл ретте, 10 терезеге жалюзи тіктірілді. Едендерге арнайы төсеніштер алынған болатын.

Қазіргі уақытта спорт залда 1 еркін күрес жаттықтырушысы, 1 тәрбиеші, 1 медбике, 1 еден жуушы, 1 аула сыпырушы жұмыс жасауда. 

Шахмат пен теннис үйірмесін №139 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүргізеді. 

Ал еркін күрестен балаларға жаттықтырушы Болат Мәмбетов дәріс береді. Ғимараттың бір бұрышынан қол өнер шебері Салтанат Абдраманова жетекшілік жасайтын тектілігі төл бойынан табылған асыл аналар клубы ашылды. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Бағдат Есеновпен бастамасымен алдағы уақытта дзюдо үйірмесін ашу жоспарлануда. 

 

Тағы да оқыңыз: