Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы әкімінің жүлдесіне арналған жастар арасындағы кіші футболдан аудан біріншілігінің "А" және "Б" лигаласы жақында соңына жеткен болатын. Былтыр бастау алған Сырдария аудандық әуесқойлар футбол лигасында спортшылар бақ сынаған болатын. Кеше ауданық мәдениет үйінде жабылу салтанаты өткізілді.  

Салтанаты іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысып, спортшыларды арнайы құттықттады. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары "А" және "Б" лигасының жеңімпаздарына жоғарғы марапаттарды табыстады.

– Өткен жылы аудан әкімінің кубогы үшін кіші футболдан байрақты бәсеке жалауын көтерген болатын. Өз кезегінде көршілес аудандардың спортшыларымен ынтымақтастық орнап, жарыс көркі қыза түсті. Бірнеше кезең бойынша аянып қалмаған командалар өзара кіл мықтыны анықтады. Үздіктердің үздігі атана білу үшін спортшылар бабында болғаны дұрыс. Өз кезегінде аудан спортшылары аталған межеден көріне білді, – деді аудан әкімінің орынбасары.  

Дүбірлі дода барасында Сырдария, Жалағаш, Қармақшы ауданының жастары  2 лигаға бөлініп, 17 команда болып бақ сынады. Бірнеше турдан тұрған жарысқа 350-ге жуық жас қамтылғанын айта кетейік. Негізінен, 5 айға созылған жарыста аяқ доп шеберлері  тартысты ойын өрнегін көрсетті. 

Жалпы, "А" лигасының нәтижесі бойынша жүлделі І орынды жалғаштық «Адия» , ІІ орынды тереңөзектік «Регион 11», ІІІ орынды «Қызылдихан» командасы жеңіп алды. Өз кезегінде ерекше ойынымен көзге түскен командалардың ойыншыларына арнайы номинация тағайындалды. Мәселен, «Үздік төреші» номинациясымен Ербол Балашбеков, «Үздік қақпашы» номинациясымен «Қыран» командасының қақпашысы Марат Қадыр,  «Үздік қорғаушы» номинациясымен «+35 Тереңөзек» командасының қорғаушысы Берік Нұрмағанбетов,  «Үздік шабуылшы» номинациясымен «Адия» командасының шабуылшысы Ақмейір Ашухан, «Үздік сұрмерген» номинациясымен «Қызылдихан» командасының шабуылшысы  Медет Маратұлы, «Үздік ойыншы» номинациясымен «Регион 11» командасының ойыншысы Сансызбаев Нұрхан марапатталды.  Бұл ретте, "Б" лигасының нәтижесіне тоқталатын болсақ, І орынды тереңөзектік Хан-Сұлтан командасы, ІІ орынды «Эверест» командасы, ІІІ орынды қармақшылық «Жандос» командасы жеңіп алды.

«Б» лигасының көркін қыздырған спортшылар арасында «Үздік қақпашы» номинациясына «Эверест» командасының қақпашысы Бекболат Серікбайұлы,  «Үздік қорғаушы» номинациясымен «Жандос» командасының қорғаушысы Асқар Жақсылықов, «Үздік шабуылшы» номинациясымен «Ақжарма 2» командасының шабуылшысы Еркебұлан Тоқанов, «Үздік сұрмерген» номинациясымен «Қалжан Ахун» командасының шабуылшысы  Данияр Сейтқазиев, «Үздік ойыншы» номинациясымен «Хан-Сұлтан» командасының ойыншысы Шаттық Меңлібаев марапатталды.

7c928bc9-ffba-4233-93e0-37232a048726.jpg

Іс-шарада  футболдан аудан біріншілігінің "А" және "Б" лигаласының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бірқатар азаматтар марапат төрінен көрінді.

 

 

 

 

Тағы да оқыңыз: