Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы NIS-те Әкелер күніне орай волейболдан турнир өтті. Спорттық шараға NIS пен «Білім-инновация» лицейі оқушыларының әкелерінен құралған командалар және Зияткерлік мектептің ер мұғалімдері қатысты.

Тартысты додада бірінші орынды NIS ұстаздары иеленсе, екінші орынды БИЛ лицейінің ата-аналары жеңіп алды. Ал үшінші орын NIS әкелер командасына бұйырды.

Турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Бұл турнир спорттық мерекемен қатар, мектеп, ата-аналар және педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтқан маңызды оқиғаға айналды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мереке 2023 жылдан бастап ресми түрде маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетінін еске салды."Әке-баланың, отбасының күш-қуаты, ақыл-ойы, жауапкершілігі. Әке - асыраушы ғана емес, тәрбиеші, баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін рухани тірек. 

Қазақ халқы ежелден әкені отбасының тірегі, қамқоршысы ретінде бағалаған. Бұл туралы Мұхтар Әуезов: «Әке – асқақ шың» деп айқын айтқан. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин де бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын атап өткен: «Ата-аналар, әсіресе әкелер балаларының тәрбиесіне бірінші кезекте жауапты. Әкелердің қолдауы мен қамқорлығы әр баланың, демек, бүкіл қоғамның болашағы үшін берік негіз болады», - делінген хабарламада.

ниш.jpg

Тағы да оқыңыз: