Kyzylorda-news.kz Қарағанды қаласында 5-6 сәуір күндері грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша спортшыларымыз 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, 72 кг салмақта Сабыржанова Жібекжан – І орын,
68 кг салмақта Жұлдызай Такисбай – ІІІ орын иеленді.
Осыған орай, бүгін басқарма басшысы ересектер және жастар арасындағы әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Жандос Бөребековты қабылдап, спортшылардың жетістігімен құттықтады.
Кездесу барысында спортшылардың алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындығы және оқу-жаттығу жиындарына қатысу барысы талқыланды.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы