Kyzylorda-news.kz Бабы мен бағы келіскен бозкілем шеберлерін жас бапкер Аружан Темірғали бірнеше жарыста сынап көруде. Мәселен, Қызылорда қаласының ашық біріншілігінде 5 дзюдошы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз атанған спортшылар қатарында +50 келі салмақта Нұрислам Қожа, 38 келі салмақта Алихан Мұханбетов, 42 келі салмақта Мұхаммедали Гажданбек, 35 келі салмақта Нұртілеу Сұлтанғазиев, 46 келі салмақта Жалғасбек Айтбай жеңіс тұғырынан көрінді.
– Жыл көлемінде «Аслан» спорт орталығының спортшылары жеңісті жолды жалғауда. Бапкер ретінде маған жүктелген міндетті мүлтіксіз орындағым келеді. Қашанда спортшыларға мықты тактика қойып, жеңіске жетелей білген дұрыс. Облыс көлемінде өткізілетін біріншіліктерден спортшылармыз барынша тәжірибе жинақтайды. Бұл ретте, әркез қолдау көрсеткен сала мамандарына шынайы алғысымды білдеремін. Баланың дамуына, өзіндік шынығып, майталман спортшы ретінде шығуына барлық жаттығу залында көрсетілген бағыт-бағдар өз өміршеңдігін жоймайды. Алдағы уақытта тыңбай еңбек етіп, ата-ана үмітін ақтауға тырысамыз, – дейді жас бапкекер Аружан Темірғали.
Негізінен, Нағи Ілиясов ауылындағы «Аслан» спорт орталығында оқушылар 5 спорт бойынша жаттығады.