Kyzylorda-news.kz Португалия мен Әл-Наср клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 954-голын соқты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауд-Арабия чемпионатының 9-турында “Әл-Наср” клубы “Әл-Халиджге” қарсы матч өткізді.
Ойын басталған сәтте қос тарапта бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсанға түсті. Алайда бірінші таймның 39-минутында “Әл-Наср” сапынан алғашқы голды Жоау Феликс соқты. Артынша Уэсли 42-минутта қарсылас қақпасынан саңылау тауып есепті ұлғайтты. Ал Садио Мане 77-минутта “Әл-Халидженің” шабуыл шебін бұзып өтіп, есепті 3:1-ге жеткізді. "Әл-Халидж" сапындағы жалғыз голды 47-минутта Мурад Хавсави соққан еді.
Матч аяқталар тұста Криштиану Роналдуның қайшылай тепкен добы, қақпаға дәл кіріп ойынның тағдырын өз пайдаларына жазып кетті. Есеп 4:1.
Бұл оның мансабындағы 954-голы. Осылайша даңқты футболшы мыңдық межеге жақындап қалды.
Айта кетейік, "Әл-Наср" осылайша турнир кестесінде 27 ұпаймен көшбасына шықты. Ал "Әл-Халидж" 23 ұпаймен 2-орында келеді.
Фото: gettyimages.com
