Kyzylorda-news.kz Актриса Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың “арада бала жоқ” деген мәлімдемесіне жауап берді.

Бадықованың айтуынша, бұл сөздер оның қамқорлығындағы Қарашаш есімді қыздың көңіліне ауыр тиген.

“Ортамызда бала жоқ. Бірақ мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш — мен өзім бауырыма басқан қыз. Оған ерекше мейірім бердім, қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Ал Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Бұл сөз Қарашашқа ауыр тиді,” — деді актриса.

Бадықова бұл жағдайдың қыздың психологиялық күйіне әсер еткенін де жасырмады.

Оқиға желіде қызу талқы тудырып, қолданушылар екіге бөлінді. Кейбіреулер Дархан Мұсаевтың мәлімдемесін сынға алып, “Бала тапқандыкі емес, баққандыкі” деп жазды. Тағы бір бөлігі “Дарханның Қарашашқа деген жылулығы жоқ екені көрініп тұр” десе, енді бірі “Басқа байға кеткенде сол қызды неге ойламадың” деп пікір білдірді.

Желі қолданушыларының айтуынша, бұл жағдай баланың емес, ересектердің арасындағы түсініспеушіліктің салдары. Көпшілік Қарашаштың жағдайына жанашырлық танытып, актрисаның аналық мейірімін жоғары бағалады.

Фото: әлеуметтік желіден

Тағы да оқыңыз: