Kyzylorda-news.kz Ұлытау облысының әкімі болып Дастан Рыспеков тағайындалды.
Жаңа әкімнің тағайындалғанын Ақорда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Дастан Рыспеков 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КазГЮУ Алматы заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
2016-2018 жылдары – Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры-"Астана ЭКСПО-2017 "ҰК"АҚ Бас бухгалтері.
2018-2019 жылдары – Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.
2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017 "ҰК" АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарған.
Фото primeminister.kz