Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы қызметінде көп отырмауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету», – деген Президент бұл жайт оның кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақ болу керектігін меңзейтінін ескертті.

«Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта оралуымыз мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыз: