Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Олар қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту, қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақи ит тұқымдарын сақтау құжатында қазақы тазы және төбетті сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілеу мақсаты көзделеді. Яғни қазақы ит тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету жүйесіне жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар айқындалады. Онда уәкілетті органның құзыретіне қазақы ит тұқымдарының есебін жүргізу, мониторингін жүзеге асыру және қазақы ит тұқымдарының стандарттарын бекіту сияқты функциялар жатқызылады.
Сондай-ақ заң аясында қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығын құру, әрі қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту саласындағы қызметті қаржыландыру көзделеді.
Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында қол қойылған заң шеңберінде кірісі мен шығысы сәйкес келмейтін шенеуніктер мәселесі қозғалған. Яғни құжатта 2027 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің декларациялардағы кірістері мен шығыстарындағы алшақтық тексеріледі. Егер кірісі мен шығысы сәйкес келмейтін болса, онда айыппұл төлеп, жұмыстан қуылатыны жазылған.