Kyzylorda-news.kz. Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды.  

1. Amanat партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:

1. Amanat партиясы – 40 мандат;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат;

3. Respublica партиясы – 6 мандат;

4. Қазақстан халық партиясы – 5 мандат;

5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат;

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 мандат.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтті. Бұл жолы кандидаттар партиялық тізім негізінде және бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысты.

Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия тіркеліп, оның алтауы 5%-дан жоғары дауыс жинады. 


 

Тағы да оқыңыз: