Kyzylorda-news.kz. Референдумды қолдауға арналған «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева Қазалы ауданында мәдениет саласының өкілдерімен кездесіп, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі алдағы референдумға түгел қатысуға шақырды.
«Қазір жаһан жұрты күрделі кезеңді бастан кешуде. Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде де ауқымды өзгерістер болып жатыр. Президент реформалары осы сын-қатерлерге берілген нақты жауап деп айтуға болады. Біз жаңа, әрі әділетті Қазақстан құруға бет бұрдық. Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталмақ. Енді барлық саяси күштер сайлаушылардың нақты сұранысына басымдық береді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Сондақтан маңызды сәтте баршаңыз белсенді болуларыңыз қажет»-деді Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева.
Сондай-ақ еңбек ұжымымен өткен кездесуге облыстық штабтың мүшесі Наурызбай Байқадамов пен аудандық штабтың мүшелері қатысты.
Өз кезегінде мәдениет саласының өкілдері Мемлекет басшысының саясатын қолдайтындарын атап өтті.