Kyzylorda-news.kz. Бүгін онлайн форматта өткен партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде саяси маңызды шешімдер қабылданып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
Тарихқа көз салсақ осыдан 23 жыл бұрын дәл осы күні партияның алғашқы құрылтай Съезі өткен. Сондықтан бүгінгі жиынның да партия үшін маңызды күні ұйымдастырылуы саяси ұйым тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз.
Жиында Партия Төрағасының 28 қаңтарда өткен Съезде партияны модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарлама талқыланып, партияны жаңғыртуға бағытталған барлық ұсыныстар Съезд делегаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.
Сонымен бірге ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді және партияның жаңа атауын Съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға жүктелген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім деп білеміз.
Ләйлә Төрешова,
“Nur Otan” партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары