Kyzylorda-news.kz.  Ақпарат ашық әрі қолжетімді болуы үшін облыс әкімінің тапсырмасымен https://saylau.orda.gov.kz платформасы жетілдірілді.

Мамандар әр аудан, әр ауылдағы сайлау округтері мен учаскелердің орналасқан орындарын картамен белгілеп, GPS навигатор арқылы оған қалай баруға болатынын да қолжетімді етті.

Сайт арқылы 7 аудан және қаладағы округтердің нөмірі, байланыс деректері мен оларға тиесілі шекаралар анық көрсетілген.

Платформадан кез келген азамат ЖСН-ін теру арқылы өз учаскесін оп-оңай тауып алады.

 Телеграм десеңіз https://t.me/sailau_kzoBot бот жұмыс істейді.

 Мобильді қосымша керек десеңіз smart qyzylorda бар.

 24/7 режимде жұмыс істейтін тегін 109 call орталығы сайлауға қатысты сауалдарыңызға жауап беруге дайын!

Қысқасы, сайлауға дейін қай учаскеге барып, дауыс беретініңізді бар болғаны бір минутта анықтап алыңыз!

Тағы да оқыңыз: