Kyzylorda-news.kz. ҮЕҰ өкілдері қоғамдық іс-шаралардың ұйытқысы саналады. Тәрбиелік мәні жоғары талай  шаралардың бастаушысы болған ұйымның қоғамға берер пайдасы орасан. 

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәлихат депутаттығына  үміткерлер  үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бас қосып, партияның сайлауалды бағдарламасындағы елдік бағыттағы жұмыстарды талқылады. 

Қазіргі таңда «AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын халыққа ұсынды. Бір жыл бойына 200 мыңнан астам адамның талап-тілектері тыңдалды. Сайлауалды бағдарламаның өзі халықтың ең негізгі он ұсынысы негізінде жүзеге асты. Еліміздің экономикасын, халықтың әл-ауқатын дамыту тұрғысында партияның бірнеше жоспары бар. Бұл игілікті істер әрине халықтың қолдауымен жүзеге аспақ. Сондықтан Сіздерді 19 наурызда белсенді болып,  «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын»,- деді үміткер Гүлшат Мұсаева.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісіне партия атынан бір мандаттық сайлау округі бойынша үміткер Мархабат Жайымбетовте сөз алып, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Жалпы үгіт кезеңі басталғалы партияның облыстық сайлауалды штабымен  600 ден астам іс шаралар ұйымдастырылып, үміткерлер түрлі сала өкілдерімен кездесті. 

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

a2476b98-8e41-4c75-8834-138e01143ae3.jpg

 

1c6207fc-66e7-4651-8bd4-3f53dfc26459.jpg

Тағы да оқыңыз: