Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері және Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері «Жан Арай» ЖШС-де ауылшарушылық саласының өкілдерімен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс өткен сайлауының қорытындысы бойынша кездесу өткізді.
Жиында Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов сала өкілдеріне сайлау науқанына белсенді қатысып, Әділетті де Қуатты Қазақстан үшін таңдау жасағандарына алғыс білдірді.
Аймақтық экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Бақдаулет Махашов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылшаруашылығы саласына қатысты алдағы 7 жылға жоспарланып отырған бірқатар шаруаларды тілге тиек етіп, еңбек адамдарына жасалатын қамқорлық жайын айтты.Сонымен қатар, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланы реформалау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Жиында сала өкілдері аталған бағдарламалардың жоғары деңгейде жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта да ел игілігі үшін жасалатын реформаларға белсенді атсалысатындарын жеткізді.
