Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының кеңейтілген Бюро отырысында облыстық филиалдың жаңа төрағасы Мұрат Смайлов таныстырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ҚХП атынан әкім лауазымына үміткер ұсыну болды. Айта кетейік, биыл облыстың көптеген ауылдары мен ауылдық округтері басшыларының өкілеттік мерзімі аяқталады.

Партияның Арал аудандық филиалының төрағасы М.Жұлдызбаев өз сөзінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің Е-R-1 санатындағы әкімдерінің лауазымына үміткер табу талабы өте қиын екенін атап өтті.

Ауылдық округ әкімі кандидатына қойылатын талаптарда жазылған шарттарды алып тастау қажет деп санаймын, – деді ол.

Бұдан кейін Бюро мүшелері жергілікті мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті. Нәтижесінде Қазақстан Халық партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына А.Шайнуров, М. Смайлов, Қ.Ерназаров, Б. Әлібекұлы, қалалық мәслихат депутаттығына А.Жетпісбай, Д. Қайсариев, Б. Боранбаев, Б. Шайнуров ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: