Kyzylorda-news.kz Қазақстанның болашағы атом энергетикасымен тығыз байланысты.

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС құрылысының технологияларын қай компаниялар жеткізе алатынын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, 2019 жылы Қазақстан ядролық технологиялардың ең озық шетелдік жеткізушілерінен міндетті емес техникалық және коммерциялық ұсыныстар алған. Нәтижесінде Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Франция және АҚШ-тың алты жеткізушісінен 13 заманауи реактор жобасы таңдалды.

«Ұсынылған технологияларды алдын ала бағалау үшін біз әлемдік тәжірибе мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) ұсынымдары негізінде өзіміздің бағалау жүйемізді жасадық. Кейіннен бұл жүйені француздың әйгілі Assystem инжинирингтік компаниясы мақұлдады», — деді Жантикин.

Қысқа тізімге төрт әлеуетті жеткізушінің ұсыныстары енгізілді:

— HPR1000 реакторы бар қытайлық CNNC компаниясы;
— APR1000 және APR1400 реакторлары бар кореялық KHNP;
— VVER-1200 бар ресейлік Росатом;
— EPR1200 технологиясымен француздық EDF.

Технологияларды таңдаудан басқа, жобаның шамамен құны, оның мерзімі, қаржыландыру әдістері мен көздері туралы сұрақтар да талқыланды.

«Қазақстанның болашағы атом энергетикасымен тығыз байланысты», — деді Жантикин.

Ол атом электр станциялары әлемдегі ең қауіпсіз және сенімді энергия көздерінің бірі екенін айтты.

Табиғи-климаттық факторларды, энергетикалық жүйенің сипаттамаларын және болжамды электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, сарапшылар келесі қорытындыға келді:

— бір блоктың ұсынылатын қуаты 1,4 ГВт дейін;
— станцияның жалпы қуаты – 2,8 ГВт дейін;
— АЭС үшін ұсынылатын орын – Алматы облысы, Үлкен ауылының жанындағы Балқаш көлінің ауданы.

Қазақстанда атом электр станцияларын салу үшін ұсынылатын оңтайлы технология қауіпсіздік деңгейі жоғары және экономикалық көрсеткіштері жақсарған III және III+ буын қысымды су реакторлары болып табылады.

Еске салайық, Қазақстан үкіметі АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу туралы қаулы жобасын мақұлдаған болатын. Премьер-Министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне үкімет аппаратымен бірлесіп, Президент Әкімшілігіне қаулы жобасын енгізуді тапсырды.

Фото: gov.kz

Тағы да оқыңыз: