Kyzylorda-news.kz. Сенатор Геннадий Шиповских Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен келуіне қатыстыты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Қазір Астана барша әлем үшін дипломатиялық орталықтың алаңына айналғаны сөзсіз. Мұны тек Қазақстан халқы ғана емес, күллі әлем жұртшылығы көріп отыр. Жақында ғана елімізге Франция президенті Эмманюэль Макрон, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, сондай-ақ Орталық Азиядағы көршілес елдердің басшылары келсе, бүгін Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен келіп жатыр. Атап айтқанда, осының бәрі Қазақстанның халықаралық қатынастар бағытында іс-қимылы жан-жақты әрі әлемдік деңгейде нығайып жатқанын білдіріп отыр. Біріншіден, осы бойынша бізді ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Мұның бәрі біздің дипломатиялық жетістігіміз», - деді Геннадий Шиповских.

Сенатордың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мүддесіне қатысты, яғни экономикалық әрі инвестициялық ахуалын нығайтуға бағытталған қадамдарды жасап жатыр.

«Сондықтан бүгінгі жоғары деңгейде өтетін кездесулерде түрлі саладағы тақырыптар қозғалатыны анық. Осының барлығы еліміздің мүддесін одан әрі нығайтуға, сондай-ақ халықаралық аренадағы деңгейімізді күшейтуге оң ықпал етеді», - деді депутат.

Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Ресей президенті Владимир Путин келгенін айта кетейік. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: