Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып 2022 жылдың 11 маусымында тағайындалған еді.
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі