Kyzylorda-news.kz. Бүгін партияның облыстық филиалында «AMANAT» партиясының «Ауыл Аманаты» жобасы аясында «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының бизнес-тренерлері Наталья Мишукова, Жанна Маханова және Жеңіс Сүйіндіковтің қатысуымен жобаның өңірде жүзеге асырылу жайы талқыланды.

Жалпы биылғы жылы жоба облыстың бірнеше ауылында пилоттық негізде бастау алады деп күтілуде. Осыған орай арнайы бизнес - тренерлер ауылдарды дамытуға арналған жоба аясында арнайы кездесулерді ағымдағы жылдың 24 қаңтары күні Сырдария ауданындағы Амангелді ауылында бастауды жоспарлауда.

Жаңа жобаның Мемлекет басшысының ауылдарды қолдауға арналған жоспарларымен қатар жүретіндіктен, оның алтын бесігіміз ауылдар үшін маңызы мол болмақ.

Тағы да оқыңыз: