Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 5 қараша күні өтетін аудандар, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау Қызылорда өңіріндегі 7 аудан ішінен Сырдария және Шиелі аудандарында ұйымдастырылады.
Сайлау Күнтізбесіне сәйкес 5 қыркүйек жергілікті уақыт 18.00-ден кейін кандидаттардың ұсыным құжаттарын қабылдау аяқталды. Ал, 10 қазан жергілікті уақыт 18.00-ге дейін кандидаттарды тіркеу аяқталады.
Сайлау науқанына екі аудан бойынша барлығы 7 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3-і - саяси партиялар, 4-і - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орташа бәсекелестік 1 орынға 3,5 адамнан келді. Кандидаттардың ең көбі – 4 адам Шиелі ауданынан ұсынылды. Сырдария ауданында 3 кандидат құжат өткізді.
Кандидаттардың орташа жасы 47 жас, ал ең жасы - 39 жаста, ең үлкені - 60 жаста. Үміткерлердің ішінде әйел азаматшалар жоқ.
Кандидаттардың 4-уі мемлекеттік қызметкер, 2-уі қазіргі әкімдер және 1-уі бюджеттік сала қызметкері.
Мамандығы бойынша 5-і - экономист, 1-і - заңгер және 1-і - құрылысшы.
Ұсынылған 7 кандидаттың 6-ы тіркеліп, 1-уі өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынып тасталды.
10 қазан жергілікті уақыт 18-00-ден кейін кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталады. Бұл ретте кандидаттардың өз сайлау қорлары болмайды. Олар арнайы белгіленген шығыстар шеңберінде жұмыс жасай алады.