Kyzylorda-news.kz. Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Жиында бірқатар кадрлық өзгерістермен таныстырған қала әкімі бұған дейін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарып, өзінің бай тәжірибесімен сайлау жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыра білген Ергешбаев Әбдіқадыр Нәлқожаұлына қаланың ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасын тапсырып, шынайы алғысын білдірді.

ҚР Президентінің, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депуттарының, былтыр елімізде ұзақ жылдардан кейін екінші рет өткен республикалық Референдумды, оған қоса қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әділ үйлестірген Әбдіқадыр Нәліқожаұлының атқарған абыройлы міндеті облыстық сайлау комиссиясының қаулысымен 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап Баймырзаев Ғалым Қонақбайұлына жүктелетінін айтқан Асылбек Өмірбекұлы: 

- Өңірдің мәдениет және білім саласының дамуына өз үлесін қосқан азамат бұған дейін облыс және қала әкімдігінде бірқатар жауапты қызметтерді атқарды. Сондай-ақ, сайлау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруда білім-біліктілігін танытты. Алдағы уақытта қалалық сайлау комиссиясының жұмысын жоғары деңгейде үйлестіреді деп сенім білдіремін – деді.

​Шаһар басшысы VII шақырылымның депутаттарына өңірдің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешіп, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысып, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

- Халық қалаулысы болу қашанда үлкен құрмет және абырой жүгін арқалау деген сөз. Өздеріңіздің қолдауларыңыздың арқасында қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Екі жыл көлемінде Қызылорда қалалық мәслихатының 30 сессиясы өткізіліп, 100-ден аса шешім қабылданды. Сессияда қала тұрғындарын ауыз су және аяқ сумен қамтамасыз ету, білім беруді дамыту, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қалалық бюджетті талқылау секілді маңызды мәселелер қаралды. Мұнда әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз зор, тұрғындардың өтініштері мен сұраныстарын мұқият қарап, олармен жиі кездесу ұйымдастырып, билік пен халық арасында алтын көпір бола білдіңіздер – деген қала әкімі Асылбек Шаменов алда үлкен саяси науқан келе жатқанын тілге тиек етіп, жаңадан сайланатын депутаттар да осындай қарқынды жұмысты жалғастырып, қаланың жан-жақты дамуына және оның жаңғыруына ерекше үлесін қосатынынына сенемін деді.

Халық қалаулыларына айтылған алғаусыз ақ тілек, шынайы лебіздерден соң Сыр елінің дамуына қосқан үлестері үшін қала әкімінің «Алғыс» хаты тапсырылды.

Сонымен қатар, келелі басқосу қорытындысында қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев сөз алып, елдік мүдде жолында елеулі еңбек еткен депуттарға ықылас-пейілдерін жеткізді.

326686228_940036330277685_223791139092317033_n.jpg

 

326734295_2443716482443537_5582505525313061760_n.jpg

 

326681608_1359556558126124_8769875085810732289_n.jpg

Тағы да оқыңыз: