Kyzylorda-news.kz.  Өткен жылдан бастау алған «AMANAT» партиясының жаңғыру жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Оған дәлел партияның облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағаларының сайлануы. 

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда  қалалық  филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясында партия филиалының төрағасы сайланды.

Жиынның күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес  «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасына Құттықожаев  Ибадулла Дүйсенбайұлының кандидатурасы ұсынылып, конференция делегаттары бір ауыздан қолдап Ибадулла Дүйсенбайұлы төраға болып сайланды. Сонымен қатар филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізілді.

Айта кету қажет кезектен тыс конференцияға  «AMANAT» партиясы Қызылорда  облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы  Наурызбай Байқадамов, партия филиалының саяси кеңесінің мүшелері,  қалалық  мәслихаттағы фракция  депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партия белсенділері қатысты.

321849190_517707427131310_6885349702059337435_n.jpg

 

324666314_717482556639980_7772034563602910263_n.jpg

Тағы да оқыңыз: