Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа Жолдауы ерекше мазмұнда болды.

Біріншіден Жолдау мемлекеттік органдардан бөлек, депутаттардың, сарапшылар мен қоғам белсенділерінің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірлері ескерілген, жан-жақты талданған және ең бастысы қоғам мен уақыт сұранысына сәйкес болды.

Сонымен бірге біз егемен ел болғалы түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізіп келеміз. Дегенмен өткен 30 жылда «алдымен экономика, содан соң саясат» қағидатына басымдық берсек, бұл Жолдауда саяси тұрғыдағы реформаларға басымдық берілді. Жаңа Жолдау осы сипатымен құнды.

Сондай-ақ Жолдауда ұсынылған реформалар бір ғана саламен шектелмейді және кешенді салаларды қамтиды. Сондықтан мұндай кең көлемдегі кешенді өзгерістерге мол мерзім қажет.

 Өз кезегінде Қазақстан қоғамының жаңаруы ондағы басты саяси күш ретінде партиямыздың да жаңғыруын қамтиды және бұл жұмыстар ауқымды түрде және нақты бағыттар бойынша жүргізілуде.

Бұл тұрғыда партиямыздың уақыт талабына сай жаңғырып, атауының өзгеруі мен қатарына өтініш білдерген басқа да саяси партиялардың қосылуы заңдылық деп білеміз.

Мұндай өзгерістер партияның заманауи сұраныстар мен жаңалықтарға және даму қажеттіліктеріне қашанда дайын екенін көрсетеді.

Сондықтан партияның қазіргі қоғамдағы саяси бәсекелестікте алда болатынына сенімдіміз және алдағы саяси науқандарда ардагерлер атынан «АМАНАТ» партиясына тек табыс тілейміз. 

Алмагүл Божанова,

Партия ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері

Тағы да оқыңыз: