Kyzylorda-news.kz. Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар Кеңесінде қалады.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша аяқтаған. 

1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Қызметтік жолын «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы болып бастаған ол ҚР сыртқы істер вице-министрі, Статистика агенттігінің төрағасы, ҚР Президентінің көмекшісі, Қаржы министрі сынды беделді қызметтерді атқарды. 

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: