Kyzylorda-news.kz. Президент Жолдауында көпшіліктің көкейінде жүрген және шұғыл шешімдерді талап ететін білім, ғылым және заманауи техника және технологиялар салаларындағы  өзекті мәселелер бойынша нақты қадамдар жасалды. Бұл туралы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әбділда Төрешбаев мәлімдеді.

Жоғары сынып оқушылырына жаратылыстану-математика циклы бойынша оқытуды жаңа сапалы деңгейге бағыттау – кезек күттірмейтін мәселе.  Еліміздің экономикалық тұрғыда даму нысандарына бағыттау мақсатында кәсіптік-техникалық оқу орындарының кадрларын оқу-өндірістік тәжірибелерді сәйкесті өндіріс мекемелерінде өткізуді қамтамасыз ету баса көңіл бөлу қажет.

Президент жоғары білім беруді дамыту бағытында жаңа реформаларды жүзеге асыру қажеттілігіне ерекше тоқталды. Бұл бағытта Қорқыт ата атындағы Қызылода университеті көптеген шетелдік университет, ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста екенін атап айтуға болады.

Жолдауда мемлекет басшысы университеттерде ғылымды дамыту аса маңызды басымдығымыз екеніне тоқталды. Ең алдымен жетекші ғалымдарымыздың ғылыми еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесі туындайды. Бұл мәселені шешу мақсатында университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жобаларының сапалық және сандық көрсеткіштеріне басымдық беру көзделіп отыр. Осы бағытта ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту туралы айтылған мәселе орынды деп ойлаймын.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әбділда Төрешбаев

Тағы да оқыңыз: