Kyzylorda-news.kz Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Кешкі vibe" жобасы өз бастауын алды. Бұл жобаны ұйымдастырудағы басты мақсат – түрлі сала бойынша өңірімізден шыққан, жастарға үлгі бола білген  және жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетіп жүрген жастарды аудан көлемінде насихаттау және дәріптеу. Кешкі vibe жобасы - еркін форматтағы сұхбат түрінде өтеді. 

      2 сәуір күні бастау алған жобаның алғашқы қонағы аудан намысын қорғап жүрген "Terenozek zhekpe zhek team" аралас жекпе-жек клубының жаттықтырушысы, білікті маман  – Жүсіпбаев Данияр және осы клубтың мүшелері Болатов Мадияр мен Мұратов Ерасыл. Аудан жастары арасында Данияр Жүсіпбаевтың есімі өте жақсы таныс. Бозкілемде ойнақ салып, қарсыластың жауырынын жерге тигізген Данияр бүгінде бапкерлік қызметті қолға алған. Ол жекпе-жек спорт түрінен 30 дан аса спортшыны шынықтырып, жаттықтырып жүр. Бүгінде жемісті еңбек етіп жүрген білікті бапкер аудан халқының алғысына бөленіп келеді. Бапкердің қанатынын астындағы шәкірттері қазіргі кезде білдей бір чемпион. 

     Сұхбат барысында білікті спортшы әрі жаттықтырушы Данияр жекпе-жек клубының алдағы мақсаттары мен шәкірттерінің дайындық барысы жайында ой бөлісті. Клуб мүшелерінің жетістіктері: ҚР күміс жүлдегері, Облыстық біріншіліктің жеңімпазы әрі белбеу иесі - Болатов Мадияр. Халықаралық дәрежедегі чемпион, әрі белбеу иесі - Мұратов Ерасыл. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионы, әрі белбеу иесі - Нұрғазы Нұркелді. 

     Еркін форматтағы сұхбат барысында қызықты сұрақтармен қатар, жеңісті жолдары жайлы сөз қозғалды. Кездесу соңында Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Есенгелдіұлының жастарға жалынды сөздері мен ізгі тілектері жазылған алғыс хаты табысталды.

     Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын деген! – , дана халқымыз. Аудан мерейін үстем етіп, облысқа танытып жүрген жас спортшыларымызға алдағы бәсекелеріне сәттілік және жоғары дәрежедегі ойын көрсетеді деген зор үмітіміз бар.

Тағы да оқыңыз: