Kyzylorda-news.kz Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан қазақ халқы ақын мен жазушыға кенде болған жоқ. Проза және поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының арман-мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен, ақын-жазушылардың жүрегіне жиналған, өлеңдеріне арқау болған.

Қазалы қалалық кітапханасында еліміздің рухани дамуына мол үлес қосып келе жатқан  «Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің Үздігі» , «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Рүстем Жанаевтың жары, ұстаз Күләш Досжанова және Қазақстан Жазушылар Одағының Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының мүшесі прозашы, бірнеше кітаптың авторы Тәжікен Үміт апайдың қатысуымен «Ұлт руханиятының шырақшылары» атты кездесу кеші өтті.

Шара кітапхананың жас оқырманы Ахметжан Самалдың орындауындағы С.Ботабаевтың сөзіне жазылған Ж.Төлебаевтың «Жақсы адамдарым» атты әнімен ашылды.

Кездесуде Қазалы агротехникалық колледжінің директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Шәрбану Баекеева құрметті қонақтарға қошеметін  білдіріп, сыйлық табыстады. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Жәния Ысмағұл, №16 М.Горький атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлбарам Жауғашарова ыстық лебіздерін жеткізіп, шәкірттері ақын Р.Жанайдың «Өмір парақтарымен» жырларын, прозашы Ү.Тәжікеннің эсселерін жатқа оқыды.

Мәдени және рухани кешке ардагер ұстаздар: Қазыбай Саниязов, Қалмырза Нұртазаев, Күләш Бисенова, зейнеткер ана Жәмилә Қаракеева, Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінің директоры Роза Асанова, Қазалы агротехникалық колледжінің  тарих пәнінің оқытушысы Нұргүл Әлменова кітапханашысы Алтынкүл Сансызбаева, дене тәрбиесінің оқытушысы Ерғазы Бақтияр,  қалалық жастар ресурстық  орталығының инспекторы Жамет Даниел және өзгеде кітапхана оқырмандары қатысты. Қаламгерлер шығармашылығы жөнінде өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістеме- библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Зоя Мұстафаева қорытындылап, шара қонақтары Р.Жанайдың жұбайы Күләш Досжанова мен прозашы, аудармашы Үміт Тәжікенге және өзге де қатысушыларға ризашылығын білдіріп, сый-сияпаттар тапсырды.
Кеш соңында бүгінгі кештен естелік суретке түсіп, кітапхана оқырманы  Меруерт Таңсықбайдың орындауындағы халық әні «Беу Айдай» әнімен аяқталды.

Тағы да оқыңыз: