Kyzylorda-news.kz.   Қаладан шалғай жатқан Талсуат ауылдық округінде өткен жылы тұрғындардың сұранысына сәйкес ауылдық округтегі 8 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізіліп, 2 көшеге жарық бағанасы орнатылды. Сондай-ақ, 13 көше электр желісімен жабдықталды. 

Өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралаған ауылдық округ әкімі Ерлан Бейсенбаев бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 66 гектар жерге, оның ішінде 25 гектар картоп, 27 гектар көкөніс, 14 бақша дақылдары егіліп, мал саны 2533 басқа жеткенін атап өтті. 

Ауылдық округте кәсіпкерлік саласы да өркендеп келеді. Бүгінде ауылда 176 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Өткен жылы 26 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 26 тұрақты жұмыс орны ашылған болатын. Сонымен қатар, ауылдың 4 тұрғыны грант иегері атанып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 13 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың ішінде жеке клиника, жылыжай құрылысын жүргізу, мал басын көбейту және жүк тасымалдау жобалары қамтылған.

Брифинг барысында ауыл әкімі ауылдағы биыл атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті. Биылғы жылы ауылдық округте С.Нұрмағанбетов, Ақмешіт, Атырау, Құмкөл көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы жүргізілетін болады. Ақтау, Ақмешіт, Астана, Алматы, Отырар, Сейхун, О.Сауытбаев көшелеріне түнгі жарық бағаналары орнатылады.

 

Тағы да оқыңыз: