Kyzylorda-news.kz. Ел тәуелсіздігі жарқын болашақ кепілі. Бүгінгі бейбіт күніміз, риясыз жарқын күлкіміз егемендігіміздің арқасы. Ал теңдесі жоқ бұл тәуелсіздігіміздің оңай келмегендігі бәрімізге аян. Ел егемендігі жолындағы аға-әпкелеріміздің ерлігі мәңгі жадымызда жаңғырып тұруы қажет.
Ел тарихын, мәдениетін білу – әрбір азаматтың міндеті. Ал өткенді білмей болашаққа көз жүгірту мүмкін емес.
Өткеннің ізін жаңғыртып, тарихтан сыр шертетін негізгі құрал бұл – Музей. Екі дәуір арасындағы ұлы көпір десек те артық айтпағандық болар еді. Тарихи оқиғаларды санамызға сіңіруде Музейдің рөлі орасан.
Осы тұрғыда «Қазақстан халқының бірлігі күні», «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» қарсаңында бізде рухани сусындауға, ел тарихына қала тарихына бір көз жүгіртіп, патриоттық сана сезімімізді нығайту мақсатында – Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшілердің қатысуымен Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейіне экскурция жасадық. Музейден тамыры терең тарихымыздан сыр шертетін түрлі құнды заттар мен өткенді айна қатесіз бейнелеген көріністерден көп ой түйдік. Ішкі жан дүниеміз бен руханиятымыздың дамуына үлкен септігі тиді. Тіптен бойымызды бабалардың ерлігі, өрлігіне деген, жерді қорғаудағы, елді күзетудегі ерліктері мен түрлі сындарда мұқалмаған жігерлеріне деген риясыз алғыс кернеп тұрды.
Бақтияр Дәуренқұлов,
Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету
жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы,
майор