Еш уақытта жігері мұқалмайтын, кез келген қиындыққа тайсалмай қарайтын қайсар жанды біз алыстан емес, жақыннан тапқанымызға қуаныштымыз. Қазіргі уақытта педагогика саласында еңселі еңбек етіп келе жатқан Аягөз Жарылқасынқызы – Нағи Ілиясов ауылының тумасы саналады. Бүгінде №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде халық баласына н шыққаны мәлім. Ұлағатты ұстаз Алматы қаласындағы қазіргі Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде сүйікті мамандығы бойынша білім алғаны белгілі.
– Менің отбасым – өмірдегі қорғаным. Білген адамға шалт қимылдың салдары сан жылдар бойы көріп келе жатқан қиындықтың өтеуі деп білемін. Басқа іс түскенде өмір адамды ерте есейтеді екен. Көңіл жасымас үшін мықты болуға мүдделі болуға тырысасың. Жабырқаулы мезетте жанымнан табылған жақын-жуықтың тауы шағылмағаны жақсы. Сондықтан жақсы білім алып, өмірден өз орнымды таптым. Алғаш ауылдағы балабақшаға жұмысқа орналасқан күннен бері ұстаз ретіндегі міндетімді толықтай сезініп келемін. Кейіннен психолог мамандығын меңгеріп, оқушымен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік алдым, – дейді ұлағатты ұстаз.
Өз кезегінде Аягөз Жарылқасынқызымен әңгімелесе келе оның ерекше қабілетін байқаған болатынбыз. Аяулы жан ұстаздық қызметтен бөлек, әркез спортпен шұғылдануғгеография пәнінен сабақ беретін аяулы жан көпбалалы отбасынаа көңіл бөледі. Яғни, болмысы нәзік бола тұрып, оның пневматикалық мылтықты жанына серік еткенін көпшілік біле бермейді. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мүгедектерге арналған спорт клубының спортшысы атанған Аягөз Әйменова тәжірибелі жаттықтырушы Жұмабек Дәрменнің қол астында жаттығады.
– Мылтық ату спортының R4, R5 санаты бойынша өнер көрсететін Аягөздің нәтижесі жылдан-жылға жақсарып келе жатыр. Облыс чемпионы атанған І санатты спортшы байрақты бәсекелерде бақ сынап, толағай табыстарға қол жеткізу үстінде. Әр жылдары ҚР чемпионаты мен ҚР параспартакиадасында қарсыластарымен шеберлік байқасқан аудан мақтанышы жүлдеге сынық сүйем қалғанда жарыс жолынан шығып қалғаны мәлім. Негізінен, жарыс ережесі бойынша әрбір спортшы салмағы 2-3 келі тартатын пневматикалық мылтықпен нысананы 60 мәрте көздеуге мүдделі. Кәсіби спортшы Асқар Орынбаев екеуі командалық сында да үздіктер қатарынан табылуға барын салуда. Көктемде жүзеге асатын ел біріншілігінде Аягөз Әйменова қарсыластарынан оқ бойы озық шығады деген үміттеміз, – дейді Жұмабек Дәрмен.
«Адам – керуен, өмір – жол» екені анық. Сынақтан сүрінбей өткен көпшілік алдағы кезеңдерде не боларын сезбейді. Бұл ретте, Аягөз Жарылқасынқызы тереңөзектік Ғалымжан Сағындықовпен отау құрып, бақытты ғұмыр кешті. Бәлкім, жазмыштан болар арқасүйер отағасы бірнеше жыл бұрын бақилыққа аттанды. Осы күні айналасына шуақ төгіп жүретін аяулы ана перзентіне тағылымды тәрбиесін беріп келеді.
– Мектеп қабырғасында жүргеннен мылтықпен тир атуға қызыққан едім. Әркез осы спорт түрімен машықтануға әуестендім. Әрине, әйел затына мылтық асынып, ерлермен бірге жауынгерлік спортты үйрену қиындық соқтырады. Алдағы уақытта жаттығуды күшейтіп, айтулы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуге ұмтыламын, – дейді кәнігі спортшы.