Kyzylorda-news.kz  Аудан халқы үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру күн тәртібінен түспейді. Жыл сайын аудан елді-мекендері мен кент орталығының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. Ол үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ең алдымен маңызды деген мәселелер шешімін табуда.

Былтырғы жылы аудан көлемінде бірқатар ауылдық округтерде, атап айтқанда Аманкелді, Қоғалыкөл, Айдарлы, Жетікөл елді мекендерінде электр жүйесі толығымен ауысып, ауыл тұрғындарының көптен көтерген мәселелері шешімін тапты. Ауыл көшелеріне толығымен жаңадан электр бағаналары салынып, жаңа подстанциялар қойылды. Биылғы жылы бұл жұмыстар тағы да бірқатар елді мекендерде жалғасатын болады.

Сонымен қатар ауданда газдандыру мәселесі бойынша ауылдық округтерді газдандыруға қаржы қаралып, осы күні Тереңөзек кенті мен ауыл Қалжан ахун тұрғындары газ игілігін көруде. 

Айталық, 2023 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Астана Құрылыс Групп» ЖШС-і тұрғындардың қажеттілігі болып саналатын газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізді. Бөлінген қаржы атқарылған жұмыс актісіне сәйкес игерілді.

Алдағы жылы С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылдық округі газдандырылады. Мұнан басқа Шаған, Н.Ілиясов ауылдық округтерін газдандыру кезең-кезеңімен шешімін табады деп күтілуде.

Ауданда халық санының өсуіне байланысты кентте жаңа шағын аудандары бой көтеріледі. Ол үшін ең алдымен инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып, электр желісі, су құбырлары мен жол жүргізу басталды. Бұл жұмыстарға да республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті құрылыстар басталып кетті. Инфрақұрылым мәселесі шешімін тақаннан соң тұрғын үй салуға жер кезегінде тұрған жүздеген тұрғынға тиісті жер учаскелері берілетін болады.

Тағы да оқыңыз: