Kyzylorda-news.kz.  Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына – 35 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.
Алдымен мерекелік басқосуға қатысушылар «Жеңіс» саябағындағы «Невада-Семей» халықаралық қозғалысына арналған ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойып, Семей сынақ алаңында әскери борышын өтеуде қаза тапқан ардагерлерге құрметпен тағзым етіп, құран бағыштады.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының құрылғанына – 35 жыл толу мерейтойымен құттықтады. 
Сонымен қатар, сынақ алаңында әскери борышын өтеген ардагерлерді «Невада-Семей» антиядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының 35 жылдығы» медалімен марапаттады.
Марапаттау рәсімінен кейін «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданындағы өкілі, ардагер Өмірбек Күлімбетов ел тарихындағы жасалған бұл қадамның маңызына тоқталды. 
Сондай-ақ, Семей полигонының ардагерлеріне үнемі қолдау білдіріп жүрген азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, Қазалы ауданының өнерпаздары ардагерлерге арнап, патриоттық тақырыптағы әндер орындады.

Тағы да оқыңыз: