«AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, әйелдер қанаты өкілдерімен бірге партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алтынай Молжанова басшылық ететін «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Сreative caravan» облыстық креатив көрмесіне қатысты.

Бұл көрме қазан айының басынан бері жүзеге асырып келеді. Жалағаш ауданынан бастау алған көшпелі керуен Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында болып, 100-ге жуық кәсіпкер пайдалы дәрістер және шеберлік сағаттарымен қамтылған болатын.

Партияның «Ұлттық мұра» жобасымен ұштасқан жоба мақсаты – ауылдық жердегі қолөнер шеберлерін оқыту әрі шабыттандыру, кәсібін дамыту бағытында тиісті сала мамандарының дәрісін ұйымдастырып, уақыт талабына сай әлеуметтік желіде жеке бренд қалыптастыруға үлес қосу.

Креатив көрме «Анаға тағзым» орталығында жарасымды жалғасын тауып, қала кәсіпкерлері мен жеті аудан қолөнер шеберлерінің басын қосып, өзара тәжірибе алмасуға, көпшілікке өнімдерін жарнамалап, ерекше туынды авторларына құрмет көрсетуге бағытталды.

Фото: Amanat Қызылорда облысы

Тағы да оқыңыз: