Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында Сыр сүлейі, арқалы ақын Бұдабай Қабылұлының 180 жылдығына арналған «Өзге сөзден өлеңге ұста Бұдабай» атты республикалық жыраулар фестивалі өтті. 

Жыр кешінің алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлына беріліп, жырауларға жылы лебізін білдірді. 

Жыр фестивальдің негізгі мақсаты - халқымыздың төл мұрасы - жыраулық, термешілік өнерді ұрпақ санасына сіңіре отырып, оның сиқырлы мақам сазын өнер сүйер қауымға жеткізу, сондай-ақ, халқымыздың дәстүрлі жыраулық өнерін дамыту және оны ұлықтай түсу болып табылады. 

Аиалған фестивальға 16 жыршы-жырау қатысты. Арқалы ақынның шығармашылығын дәріптеген жыраулар халыққа рухани дем беріп, сан ғасырлар қойнауында жатқан саф өнерді насихаттады. Жиналған жұртшылық жыраулардың шеберлігімен шешендігіне ерекше ықылас танытып, шабыт беріп отырса, жыраулар жырдан шөлдеген елді сөз құдіретімен сусындатты.
Фестивальда жырауларға арнайы алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің басым көпшілігі ел бірлігі мен татулықты жырлауға, араздасқандарды бітімге шақыруға арналған. Ақынның «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы» және тағы да басқа өлеңдері белгілі.

316172848_1449218182275303_1758638495119200083_n.jpg
316944408_1449217538942034_366269785473358554_n.jpg

Тағы да оқыңыз: