Kyzylorda-news.kz  Бүгін "Наурызнама" онкүндігі аясында елімізде Шаңырақ күні тойлануда. Айтулы күні қаламызда бірнеше отбасы қуанышқа кенелді.

Шаңырақ күні Аружан Махмутова шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді. Әжесі немересінің есімін Аян деп қойғысы келеді. Аружан Шайхислам төртінші сәбиін қолына алып, көпбалалы ана атанды. Ардақ Лекерованың отбасы қызына Ақзер деп есім берген. Мөлдір Жұмамұрат ұлына қандай ат қоятынын ойластырып жатыр.

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев пен қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнәр Хамзақызы аналарды арнайы құттықтап, қала әкімінің сый-құрметін жеткізді және сәбилердің денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ болуын тіледі.

Нәрестелерге мықты денсаулық, отбастарына бақ-береке тілейміз!

Тағы да оқыңыз: