Kyzylorda-news.kz. Сауд Арабиясы умра қажылығына келетіндерді елге кіргізуге уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Корольдік мұндай шешімді коронавирустың таралуына байланысты жасап отыр. Енді бейсенбіден бастап аталған кеселдің таралу қаупі жоғары елдердің визасын алған азаматтар ел аумағына кіре алмайды. Бұған қоса елге кіру бекеттерінде денсаулық сақтау органдары барлық шетелдіктердің Сауд Арабиясына келмес бұрын қандай елдерде болғанын тексереді.

Айта кетейік, жыл сайын миллиондаған адам умра қажылығына бару үшін Сауд Арабиясына барады.

Тағы да оқыңыз: