Kyzylorda-news.kz ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» республикалық телемарафоны өтті.

Аталған шарада орталық мешіт 100 отбасына азық-түлік таратты.

Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында еліміз бойынша 3500 отбасына қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Айта кетейік, бір мезетте еліміз бойынша мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары, демеуші азаматтар атсалысты.

Берекелі айда бастау алған бұл жоба жыл бойына жалғасын табатын болады. Жоспар бойынша 35 000 отбасыны қамту көзделген.

Фото: Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: