Kyzylorda-news.kz  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі кезекті 100 отбасына қуаныш сыйлады.

Қайырымдылық шарасында Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы мүмкіндігі шектеулі жандарды берекелі аймен және ұлттық мейрам келуімен құттықтап, «Рамазан сыйын» табыстады.

Айта кетейік, Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен 35 000 отбасына азық-түлік тарату марафоны бастау алған болатын. Рамазан айында басталған жоба жыл бойы жалғасын табады. Аймақтағы көмекке мұқтаж адамдар тізімі облыстық «Отбасын қорғау» орталығынан алынуда.

Фото: ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: