Kyzylorda-news.kz Бүгін Қарауылтөбе ауылдық клубында Отбасы күні аясында «Отбасым тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты жас отбасылар мен тұрғындар арасында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған шара өтті.

Аталған шараға қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі Г.Тілесова мен клуб үйі жанынан құрылған «Ақ әже» ансамбілінің мүшесі, қолөнер үйірмесінің жетекшісі Ж.Қазанғапова отбасы құндылықтары жөнінде түсіндірме жүргізді.

Шара барысында отбасы құндылығы бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден көрінетіні және отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлтық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек екені айтылды. Сонымен қатар тәрбиелі, білімді ұрпақ елдің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі-екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: